Елорда жаңалықтары

Елордада «Ұрпақтар арасындағы сабақтастық» тақырыбында студенттерге арналған тренинг өтті

«Ұрпақтар арасындағы сабақтастық» атты тренингке колледждің 1-3 курс студенттері мен білікті бизнес-тренер Арман Ақбердиев қатысты. Шара барысында студенттер бизнес бастау, жоба жасау, идея құру жөнінде өз білімдерін кеңейтіп, пікір алмасты. Осы орайда Арман Ақбердиев көшбасшылық, шешендік қасиеттерді дамыту бойынша дәріс оқып, компания ашу, бизнес анализ жүргізу жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.

Осы орайда студенттер өздерін алаңдатқан сауалдарын қойып, бизнесте кездесетін қауіп-қатерлер жөнінде біле алды.

Ал колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасы Айгерім Абдрахманованың айтуынша, мұндай игі іс-шаралар жастарды жетістікке жетуге ынталандырады.

Аталған шара аталған колледжбен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің ұйымдастыруымен өтіп отыр. Айта кетсек, «Jastar Talks» жобасы – аға буын мен жастар арасындағы пікір алмасуға арналған ашық алаң. Оның мақсаты – жастардың жеке және әлеуметтік дамуына ықпал етіп, шығармашылық дамуына жағдай жасау.

-->

«Студенттерге дұрыс мақсат қоя алуды үйреткім келді. Оның ішінде әртүрлі құралдарды қолдана отырып, кәсіпкерлікті оңай жүргізу жолдарын айттым. Мәселен, smart және grow әдістері қалай жүретінін баяндап, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға арналған қандай бағдарламалар бар екенін түсіндірдім. Қазір оқимын деген жасқа бағдарлама көп. Жастар ресурстық орталықталығының тегін оқулары да бар. Соның барлығын пайдаланып, жастар жаңа кәсіп бастаймын десе, мүмкіндік жетеді. Бүгінгі шеберлік сағаты арқылы жастар алға қойған мақсаттарына жете алса, біз тек қуанамыз.  Сондықтан осы дәріс арқылы жастардың 10 пайызы ақпарат алатын болса, соның өзі үлкен жетістік деп есептеймін», – деді Арман Ақбердиев.

Осы орайда студенттер өздерін алаңдатқан сауалдарын қойып, бизнесте кездесетін қауіп-қатерлер жөнінде біле алды.

«Бүгінгі бизнес тренингтен бизнес бастауларын үйрендім. Бизнеске байланысты қатерлер мен пайдалы тұстары айтылды. Кәсіп бастаған кезде қандай қатерлерге тап боласың, қандай жетістіктерге жетесің деген ақпараттар қамтылды. Өзім үшін құнды ақпараттар алдым», – дейді колледж студенті Нұржігіт Көшеров.

Ал колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасы Айгерім Абдрахманованың айтуынша, мұндай игі іс-шаралар жастарды жетістікке жетуге ынталандырады.

«Негізінде Арман Ақбердиевтің семинарларына қатысып жүретінмін. Сондықтан оған өзім жұмыс істейтін колледж студенттерінің де қатысқанын қаладым. Студенттер карантиннен кейін кішкене жалықты ғой, сондықтан да қалай жетістікке жетуге болатынын білсін деген оймен осындай шараларды өткізудеміз», – деді ол.