Елорда жаңалықтары

Елордада қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысады

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар жедел қызметтердің, мамандандырылған департаменттер мен ведомстволар дайындығын қамтамасыз ету - басты мәселелердің бірі. Айта кету керек, биыл бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Соған қарамастан, елордада әлеуметтік қашықтық пен қауіпсіздік шараларын ескере отырып, ашық аспан астында серуендеуге, суретке түсуге арналған орындар жасалуда. Алдағы демалыс күндері отбасылық серуендеудің негізгі орталықтары коньки тебетін алаңдар, мұз төбешіктер мен шыршалар болады. Спикерлер атап өткендей, қазіргі уақытта 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 8%-ға дейін, жасөспірімдер - 2,9%-ға дейін және 50 жастан асқан адамдар арасында КВИ инфекциясын жұқтырушылар санының өсуі байқалады. Бұл санат үшін көрсеткіш барлық жағдайлардың 26% құрайды. Сондай-ақ қазіргі уақытта ауруларды тіркеу жалғасуда - тәулігіне 57-ден 100-ге дейін жағдайлар тіркеледі, негізінен симптомды. Сонымен қатар қазіргі кезде жағдай тұрақтана бастады. Алдағы апталар пандемиямен күресте шешуші болады. Осыған байланысты мереке күндері мониторинг топтарының жұмысын күшейту туралы шешім қабылданды. Қаладағы жағдайдың күрделенуіне жол бермеу үшін қала тұрғындары үйде отыру, адам көп жиналатын орындарға шықпауы және жиындар өткізбеуі керек. ШОБ өкілдері де барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Карантинді бұзушыларға айыппұл салынады. Жаңажылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Қалада өртке қарсы арнайы режим жұмыс істейді. Медициналық стационарлар да тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Әкімнің орынбасары атап өткендей, коммуналдық шаруашылық кешенінің барлық кәсіпорындары мен компаниялары демалыс күндері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріледі. Төтенше жағдайлар топтары тәулік бойғы кезекшілікте болады, олар қаладағы тіршілікті қамтамасыз ету мекемелерінде төтенше жағдай туындаған кезде жедел жетуге дайын. Тәулік бойы жұмыс істейтін травматологиялық пункттер барлық мейрамдар мен демалыс күндері тұрғылықты жеріне қарамастан науқастарды қабылдайды.

-->