Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда ірі сауда желілері азық-түлік бағасын төмендете бастады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілгендей, сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Нұр-Сұлтан қаласының шекараларында әлеуметтік маңызы бар өнімдерді өткізу нарығында жоғарыда көрсетілген субъектілердің үлесі 88 пайызды құрайды. Бұл оларға сатудың жалпы шарттары мен баға деңгейіне ықпал етуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кәсіпкерлерді азық-түлікке жоғары үстемеақы белгілеу фактілерін уәкілетті органдарға хабарлауға шақырды.

-->