Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда жаңа жылда қандай іс-шаралар өтеді

«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінің кәсіподақ комитеті Целиноград ауданы, Ақмол ауылында тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық сыйлықтар табыстады. «Наз» мемлекеттік би театры балаларға арналған «Әлемді бірге құтқарайық» атты жаңажылдық қойылым ұсынды. Айдың аяғына дейін Тәуелсіздік сарайында «Ұлы дала жүрегі» көрмесі өтеді, бұл қазақстандықтарға National Geographic баспасынан елорда күніне арналған сыйлық. Сол уақытта Бейбітшілік және келісім сарайында жаңажылдық онлайн-концерт өтеді. Оны @piramida.astana Instagram аккаунтынан көре аласыз. Ал 30 желтоқсанда сағат 15.00-де опера залында «Жаңа жылдық шырақтар» концерті түсіріледі. Елордалық қуыршақ театрының көрермендері 31 желтоқсанға дейін «Санта Клаустың қолғаптары» қысқы ертегісін келесі сілтемелер бойынша онлайн көре алады. Сонымен қатар, бүкіл желтоқсан бойы астаналық цирктің ресми аккаунттарында сіз «Жаңа жылдық ертегі» цирк бағдарламасын көре аласыз. Елордалық Жастар сарайының қызметкерлері 28-30 желтоқсан аралығында өздерінің әлеуметтік парақшаларындағы құттықтау сөздерін жолдайды. 30 желтоқсанда сағат 11:00-де М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері youtube каналында А.Анатольеваның «Қар ханшайымы» ертегісімен жаңажылдық кеш өткізеді. Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күні, 31 желтоқсанда «Атамекен» этно-мемориалдық кешені әлеуметтік желілерде «Жаңарған жаңа жыл» атты мерекелік бейнероликті көрсетеді. Бейнеқұттықтаулар Сәкен Сейфуллин мұражайының қызметкерлерімен де жарияланады. Барлық аталмыш іс-шаралар санитарлық талаптарға сай өткізіледі.

-->