Елорда жаңалықтары

Nur-Sultan Snowpark алаңындағы «Аяз Ата үйі» балаларға сыйлық таратты

Жаңа жыл қарсаңында Nur-Sultan Snowpark алаңындағы «Аяз Ата үйі» балаларға сыйлық таратты, деп хабарлайды Елорда Инфо Байқоңыр ауданы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Балалар үшін жаңа жыл мерекесінің орны бөлек әрі бұл айтулы мейрамда сиқырлы әлемнің қызықтарын асыға күтетіндер де бар. Осы мақсатта Nur-Sultan Snowpark алаңында кішкентай тұрғындарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін «Аяз Ата үйі» салынған. Жаңа жыл қарсаңында бір топ балғын «Аяз Ата үйіне» арман-тілектерін жазып, хат қалдырған болатын. Балғындардың тілегін орындау мақсатында алаңда арнайы шара өткізіліп, бүлдіршіндерге демеушілердің қолдауымен Аяз ата мен Ақшақар көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді. Бала тілегін орындау олардың таңғжайыптарға деген сенімін арттырып, жүректеріне мейірім мен жылу ұялатады", - делінген ақпаратта. 

-->