Елорда жаңалықтары

Елордада тағы екі елді мекен газға қосылды

«Тағы екі елді мекен – Көктал-2 мен Агроқалашықтың бір бөлігіндегі үйлерге газ қосыла бастады. Бұл елді мекендерде газ ішкі кварталды желілер бойынша беріледі. Алғашқы болып қосылған - Железнодорожный елді мекені. Ол орталықтандырылған газбен қамту жүйесіне қараша айында қол жеткізді. Үйлерді қосу үшін 750-ден астам тұрғын техникалық шарттарын бекітіп алды. Фронт-кеңселерде 5 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Бір текше метр газ бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендетілді. Бұл елді мекен тұрғындары газ қосу үшін «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-қа (Республика даңғылы, 24, «Парасат» СО) барып, көмек ала алады. Аталған ұйым газбен қамтудың ішкі желілерінің қауіпсіздігін тексерумен, оны қосумен айналысады. Бұған қоса одан әрі пайдалану барысына да жауап береді», - деп жазды А.Көлгінов.

[caption id="attachment_55466" align="alignnone" width="1280"] Фото: Александр Куприенко[/caption] Сондай-ақ Көктал-1, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. "Елорданы газдандыру – Елбасының тарихи жобасы. Газ тарту экологоияны жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғандырының өмір сүру жағдайын біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді. Себебі көмірді қайда сақтау керегін, оның сапасын ойлап, 24/7 бойы үйде болып, пешті бақылау керек болмайды. Осы және өзге де мәселелер туындамайды. Астананы газдандыру процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Елді мекендердің бәрін кезең-кезеңімен қосамыз. Газ тарту үдерісі Мемлекет басшысының бақылауында. Қазіргі жылыту маусымында ЖЭЦ-1 мен ЖЭЦ-2-нің бірқатар су жылытқыш қазандығын да газға ауыстырдық", - дейді қала басшысы.

--> «Тағы екі елді мекен – Көктал-2 мен Агроқалашықтың бір бөлігіндегі үйлерге газ қосыла бастады. Бұл елді мекендерде газ ішкі кварталды желілер бойынша беріледі. Алғашқы болып қосылған - Железнодорожный елді мекені. Ол орталықтандырылған газбен қамту жүйесіне қараша айында қол жеткізді. Үйлерді қосу үшін 750-ден астам тұрғын техникалық шарттарын бекітіп алды. Фронт-кеңселерде 5 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Бір текше метр газ бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендетілді. Бұл елді мекен тұрғындары газ қосу үшін «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-қа (Республика даңғылы, 24, «Парасат» СО) барып, көмек ала алады. Аталған ұйым газбен қамтудың ішкі желілерінің қауіпсіздігін тексерумен, оны қосумен айналысады. Бұған қоса одан әрі пайдалану барысына да жауап береді», - деп жазды А.Көлгінов.