Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтаннан 700 жігіт әскерге аттанды

Жалпы еліміз бойынша 2021 жылғы күзгі шақырылымда 13 жарым мың 18 бен 27 жастың аралығындағы ер азаматтар әскер қатарын толықтырады. Соның ішінде елордадан 700-ге жуық жігіт мерзімді әскери қызметке жіберіліп «Ел қорғаны» мәртебесіне ие болады. Олар ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдаушы әскерлері қатарын толықтырады.

Мерзімді әскери қызмет өткеру тек қару қолдану, күрделі әскери техниканы меңгеру дағдыларын игеруге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар, жастарымыздың денесін шынықтырып, рухани нығаюға ықпал етеді.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату құқығы әскерге шақыру комиссиясының шешімімен Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының талаптарына сәйкес беріледі.

Биылғы басты жаңалықтардың бірі – бұл әскерге шақырылушы үйден шықпай-ақ онлайн режимде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыру үшін elicense.kz порталы арқылы құжаттарын ұсына алады. Ол үшін аталған порталдың «Қауіпсіздік» қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдап құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою қажет.

Пандемия жағдайында халықпен тікелей қарым-қатынас жасауды азайту, сондай-ақ күзгі әскерге шақыру барысында хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратылуда. Хабарлама жолдау Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметі арқылы жүзеге асырылып отыр.

Күзгі әскерге шақыру барысында әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізіледі: біріншісі әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екіншісі жас буын келген кезде әскери бөлімдерде жүргізіледі. Қарулы күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен кеңінен жабдықталуда. Күзгі әскерге шақыру жұмыстары желтоқсанның соңына дейін жүргізіледі.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

-->

«Әскерге бару да шығарып салу да үлкен жауапкершілік жүктейді. Азаматтарымызға жақсы тәжірибе алаңы болады деп ойлаймын. Кешегі бозбала шақырылушы әскерден үйіне аптал азамат әрі нағыз Отан қорғаушы болып оралады. Бүгінгі жастарымыз Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарады деген үміттемін», - деді қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатов.

Мерзімді әскери қызмет өткеру тек қару қолдану, күрделі әскери техниканы меңгеру дағдыларын игеруге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар, жастарымыздың денесін шынықтырып, рухани нығаюға ықпал етеді.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату құқығы әскерге шақыру комиссиясының шешімімен Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының талаптарына сәйкес беріледі.

Биылғы басты жаңалықтардың бірі – бұл әскерге шақырылушы үйден шықпай-ақ онлайн режимде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыру үшін elicense.kz порталы арқылы құжаттарын ұсына алады. Ол үшін аталған порталдың «Қауіпсіздік» қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдап құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою қажет.

Пандемия жағдайында халықпен тікелей қарым-қатынас жасауды азайту, сондай-ақ күзгі әскерге шақыру барысында хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратылуда. Хабарлама жолдау Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 қызметі арқылы жүзеге асырылып отыр.

«Алдымен ел іргесі берік болуы керек. Сондықтан қыркүйек айында шекарашы сарбаздарды алдымен жөнелттік. Бұл күндері Қарулы Күштердің және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдерін толықтырудамыз. Сонымен бірге жыл соңына дейін Ұлттық ұлан әскери бөлімдеріне сарбаздардың жас буынымен жібереміз. Жаңа буын жеткен соң міндеттерінің толық мерзімін атқарған сарбаздар үйлеріне қайтарылады. Бұл үрдіс елімізде жылдар бойы көктем мен күзде толассыз жүріп келеді. Қазір жастарымыз 12 ай, яғни бір жыл қызмет атқарады. Отанды қорғау қай заманда да қасиетті парыз болып саналған, ал әскери қызмет өткеру – әрбір ер азаматтың міндеті», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Мұрат Берекполов.