Елорда жаңалықтары

Елордада қазіргі уақатта 1 151 адам стационарларда емделіп жатыр – Пірәлиева

«Нұр-Сұлтан қаласында бүгінге дейін 17 972 жағдай тіркелді. Оның ішінде 16 465 науқас немесе 92 пайызы емделіп шықты. 1 151 адам стационарлық және амбулаториялық емдеу қабылдап жатыр. Бүгінге дейін 359 адам (1,9 пайыз) осы инфекциядан қайтыс болды. Тәулігіне барлығы 3 712 зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 60 адамда оң нәтиже көрсетті. Жергілікті жағдай – 53, сырттан келген жағдайлар – 7. ҚР аумағында – 5, сырттан келгендер – 2 жағдай: Испаниядан және Германиядан келген», - деді ведомство басшысы.

Сөзін жалғай отырып, қыркүйек айында және қазан айының алғашқы 10 күнінде жағдай тұрақты деп бағаланғанмен, қазан айының екінші жартысында репродуктивтік саны бірден көтерілгенін мәлім етті. Сол себепті қала сары аймаққа көшті. «Қала 10 желтоқсанға дейін сары аймақта болды, ал ары қарай қызыл аймаққа ауысып, бір апта тұрды. Карантиндік шектеу шараларының нәтижесінде аурушаңдықтың төмендеуі байқалды. Осының арқасында қала жасыл аймаққа ауысты. Дегенмен 22 желтоқсаннан бастап сары аймаққа қайта көшті. Қазіргі уақытта елорда сары аймақта тұр», - деді Жанна Пірәлиева.

--> «Нұр-Сұлтан қаласында бүгінге дейін 17 972 жағдай тіркелді. Оның ішінде 16 465 науқас немесе 92 пайызы емделіп шықты. 1 151 адам стационарлық және амбулаториялық емдеу қабылдап жатыр. Бүгінге дейін 359 адам (1,9 пайыз) осы инфекциядан қайтыс болды. Тәулігіне барлығы 3 712 зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 60 адамда оң нәтиже көрсетті. Жергілікті жағдай – 53, сырттан келген жағдайлар – 7. ҚР аумағында – 5, сырттан келгендер – 2 жағдай: Испаниядан және Германиядан келген», - деді ведомство басшысы.