Елорда тұрғыны жалға алған көлікті сатып жіберген
Белгілі болғандай жәбірленуші ғаламтордағы сайттардың бірінен 12 млн теңгеге сатылып жатқан «Toyota Camry 70» маркалы автокөліктің жарнамасын көрген. Телефонмен хабарласқан кезде сатушы шұғыл ақша қажет болған соң көлігін арзанға сатуға мәжбүр болғанын айтып сендірген. Көлікті қарап шыққан жәбірленуші оны 11 млн 700 мың теңгеге сатып алмақ болып келіседі. Сөйтіп, сатушыға бірден 11 млн теңгесін беріп қояды. Ал қалған ақшаны көліктің кілтін табысталып, «темір тұлпарды» толық ресімдеуден өткен соң беремін деп уағдаласады.
Елорда полицейлері жедел-іздеу шаралары барысында бұрын сотталған 36 жастағы ер адамды Алматы қаласынан ұстады. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің әрекетін зардап шеккен адамдарды анықтау үстінде.
-->Белгілі болғандай жәбірленуші ғаламтордағы сайттардың бірінен 12 млн теңгеге сатылып жатқан «Toyota Camry 70» маркалы автокөліктің жарнамасын көрген. Телефонмен хабарласқан кезде сатушы шұғыл ақша қажет болған соң көлігін арзанға сатуға мәжбүр болғанын айтып сендірген. Көлікті қарап шыққан жәбірленуші оны 11 млн 700 мың теңгеге сатып алмақ болып келіседі. Сөйтіп, сатушыға бірден 11 млн теңгесін беріп қояды. Ал қалған ақшаны көліктің кілтін табысталып, «темір тұлпарды» толық ресімдеуден өткен соң беремін деп уағдаласады.