Елордада бір тәулікте 125 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Ауа райының қолайсыздығына және көктайғақтың орын алуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият әрі сақ болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау және бүйірлік интервал қағидасын бұлжытпай сақтауды ескертеді.
-->“Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде 125 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 3 факті бойынша зардап шегушілер бар. Таңғы сағат 07.00-ден бастап 35 жол-көлік оқиғасы орын алды. Кеше сағат 20.00-де 36 жастағы "Шансиман" маркалы автокөлігінің жүргізуші Тәуелсіздік даңғылымен Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, көктайғақтың салдарынан көлік тізгініне ие бола алмай, бетон-арматуралық құрылғыға соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында жүргізуші зардап шеккен жоқ”, – делінген хабарламада.