Елорда емханаларында ашық есік күні өтті
Келушілер қан қысымын өлшеп, холестерин мен қандағы қант деңгейін тексеріп, дене салмағының индексін (BMI) өлшеді. Сондай-ақ, "Инсульттің алдын алу" тақырыбында дәріс өтті.
Инсульттің пайда болуы мидағы қан айналымының бұзылуымен байланысты, бұл өз кезегінде қан ұюын немесе қан тамырларының жарылуын тудырады. Инсульт кезінде көптеген науқастарда дененің ішінара немесе толық сал ауруы пайда болады, сөйлеу бұзылады, олар зәр шығару мен дефекацияны бақылауды тоқтатады.
№ 6 қалалық емхананың кардиологы Жанар Алтынбекованың айтуынша, адамның денсаулығы мен өмірі инсульт белгілерін уақтылы тануға байланысты болады.
Дәрігерлердің айтуынша, қарапайым тест бар. Адамнан күлуін сұрау қажет. Егер бұл инсульт болса, адамның күлкісі жасанды көрінеді және бір жағымен ғана күледі.
Мұндай жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.
-->Келушілер қан қысымын өлшеп, холестерин мен қандағы қант деңгейін тексеріп, дене салмағының индексін (BMI) өлшеді. Сондай-ақ, "Инсульттің алдын алу" тақырыбында дәріс өтті.
Инсульттің пайда болуы мидағы қан айналымының бұзылуымен байланысты, бұл өз кезегінде қан ұюын немесе қан тамырларының жарылуын тудырады. Инсульт кезінде көптеген науқастарда дененің ішінара немесе толық сал ауруы пайда болады, сөйлеу бұзылады, олар зәр шығару мен дефекацияны бақылауды тоқтатады.
"Инсульттің типтік белгілері – бұл аяқ-қолдардағы кенеттен әлсіздік, көбінесе дененің бір жағында болады. Бетің ұйып қалуы мүмкін, сөзді қабылдау қиындайды, пациенттің сөйлеуі түсініксіз болуы мүмкін", - деп атап өтті №15 қалалық емхананың дәрігері Гюзель Егінбай.
№ 6 қалалық емхананың кардиологы Жанар Алтынбекованың айтуынша, адамның денсаулығы мен өмірі инсульт белгілерін уақтылы тануға байланысты болады.
"Назар аудару керек белгілер: ерекше қатты бас ауруы (әдетте стрестен немесе физикалық стрестен кейін), ұйқышылдық, әлсіздік немесе қолдың иммобилизациясы, көру қабілетінің бұзылуы немесе жоғалуы, көру фокусының қиындауы, тепе-теңдіктің және қозғалыстың бұзылуы, бас айналу, тіпті пациент құлап қалуы да әбден мүмкін", - дейді кардиолог.
Дәрігерлердің айтуынша, қарапайым тест бар. Адамнан күлуін сұрау қажет. Егер бұл инсульт болса, адамның күлкісі жасанды көрінеді және бір жағымен ғана күледі.
"Екінші жаттығу: адамнан көздерін жұмып, қолдарын көтеріп 10 секунд бойы солай тұруын сұраңыз. Инсульт кезінде бұлшықеттер әлсірейді, сондықтан адам оларды тіпті 10 секундқа көтере алмайды. Сонымен қатар, инсультпен ауыратын науқас бір қолын көтермеуі мүмкін – бұл аурудың нақты белгісі. Адамнан өз атын айтуды сұраңыз. Егер бұл инсульт болса, онда науқас бұл тапсырманы орындай алмауы мүмкін, өйткені бұл ауруда сөйлеу қабілеті бұзылады", - дейді дәрігер Гюзель Егінбай.
Мұндай жағдайда шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.