Елордадағы Триатлон паркінде жеке жүгіруден жарыс өтеді
Белгіленген маршрут бойынша жүгіру түрлі жастағылар үшін бірдей, 10 км қашықтықта және әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіреді. Уақыт аралығы – кем дегенде 30 секунд. "50-50 және 60+ жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты таңғы 07:00-ден, 40-49-дағылар таңғы 08:30-дан, 30-39 жас аралығындағылар 10:00-ден, 18-29 жастағы қатысушылар таңғы 11:00-ден бастайды. Топ боп жүгіруге тыйым салынады. Ең аз қашықтық – 5 метр. Қатысушылар саны шектеулі, ең көбі – 300 адам", – делінген хабарламада. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 28-30 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон федерациясы (Қабанбай батыр 41А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан өтеді. Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ, Нұр-Сұлтан қаласының "Триатлон федерациясы" ҚБ, "Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы” ҚБ, “Қазақстан велосипед спорты федерациясы” РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастыруда.
-->Белгіленген маршрут бойынша жүгіру түрлі жастағылар үшін бірдей, 10 км қашықтықта және әр қатысушы жеке өз стартымен жүгіреді. Уақыт аралығы – кем дегенде 30 секунд. "50-50 және 60+ жас тобындағы қатысушы ерлер мен әйелдер жарысты таңғы 07:00-ден, 40-49-дағылар таңғы 08:30-дан, 30-39 жас аралығындағылар 10:00-ден, 18-29 жастағы қатысушылар таңғы 11:00-ден бастайды. Топ боп жүгіруге тыйым салынады. Ең аз қашықтық – 5 метр. Қатысушылар саны шектеулі, ең көбі – 300 адам", – делінген хабарламада. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 28-30 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қалалық Триатлон федерациясы (Қабанбай батыр 41А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан өтеді. Іс-шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ, Нұр-Сұлтан қаласының "Триатлон федерациясы" ҚБ, "Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы” ҚБ, “Қазақстан велосипед спорты федерациясы” РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастыруда.