Елорда жаңалықтары

Елордалық оқушы Қазақстанның ресми эко-амбассадоры атанды

Эко-амбассадор – экологиялық бастамалар мен жобаларды көпшілікке насихаттайтын маңызды тұлға. Табиғат жанашырларына экологиялық жобаларды ілгерілетуге, экологиялық сананы дамытуға, күнделікті өмірде экологиялық қағидаларды ұстану қажеттілігіне ықпал ету ерекше міндеті жүктелген.

Жас табиғат жанашырының айтуынша,  адам қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілікті өзіне алып, электр энергиясын, суды үнемдеу, экологиялық тұрғыда таза өнімді қолдану сияқты қарапайым ережелерді сақтай білуі қажет.

Бұл тұста, Назарбаев Зияткерлік мектептері эко белсенділерді үнемі қолдау үстінде.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелеттің айтуынша жыл сайын қолайсыз экологиялық жағдайлардың, әсіресе, ауа мен судың ластануының салдарынан бес жасқа дейінгі 1,7 миллион бала қайтыс болады. Бұл бүкіл әлемдегі балалар арасындағы өлімнің төрттен бір пайызы.

-->

– Менің жобам – мектептегі экологиялық қозғалысты дамыту, танымдылықты арттыру болатын. Сондықтан мен эко-клубтың лидері ретінде өткен жыл бойы онлайн режимде көптеген республикалық және халықаралық іс-шараларды өткіздім. Мәжіліс депутаты, министірліктің өкілдері, бизнес өкілдері, Қазақстандағы экологияны негіздеген өкілдермен жұмыс атқардым. Халықаралық іс-шарадан кейін министірлік өкілдері жасалған жұмысты ескере отырып, мектептің ұсынысымен мені Қазақстан Республикасынның ресми Эко-Амбассадорлығына ұсынды.  