Елорда жаңалықтары

Елорда тұрғындары көпірден секірген жасөспірім қызды құтқарды

Белгілі болғандай, 24 қазан, жексенбі күні, елорда полициясының «102» нөміріне күндізгі сағат 14.33 кезінде бір адамның көпірден секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды.

Осылайша, өмірінен күдер үзген жасөспірім ажалдан аман қалды.

-->

Белгілі болғандай, 24 қазан, жексенбі күні, елорда полициясының «102» нөміріне күндізгі сағат 14.33 кезінде бір адамның көпірден секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел құтқару жасағының құтқарушылары хабарлама алған соң оқиға орнына шықты. Құтқарушылар көпірге жеткен кезде екі адамның 15 жастағы қызды судан шығарып жатқанын көреді. Оларға көмекке келген құтқарушылар балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел құтқару жасағының орталығына жеткізді», - делінген ведомство ақпаратында.

Оқиға орнына Полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды.

Осылайша, өмірінен күдер үзген жасөспірім ажалдан аман қалды.