Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда электр қуатын үнемдейтін шамдардың қатары артуда

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімдігі өндірістік-техника бөлімінің бас маманы Фархад Мойыновтың айтуынша, бүгінде осы аудан бойынша 26 мыңнан астам жарықшамдар орнатылған.

Сондай-ақ биыл 13 шақырымдық кабель орнату жұмыстары жүргізілген. Енді жыл аяғына дейін біраз көшеге 600-ден астам лэд шам орнату жоспарланып отыр.

-->

«Қазір орталық көшелердің барлығы толықтай электр қуатын үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Сондай-ақ тұрғындардың сұрауы бойынша Есіл өзенінің жағалауындағы парктың жарықшамдарын ауыстыру жұмысы басталды», - дейді ол.