Нұр-Сұлтандағы "Номад" кешенінің күмбезі әйелдің үстіне құлады
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.
Елорданың Полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
-->
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.
"Ми жарақатын алған әйел №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау кезінде оның жағдайы ауыр болды. Жедел түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр", – деді аталмыш басқарманың баспасөз қызметі.
Елорданың Полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Қатты жел салдарынан металл күмбез құлап, 56 жастағы әйелдің жарақат алғаны анықталды. Аталған факті бойынша "Есіл" аудандық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.