Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов Мысырдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

“Мысырдың Қазақстандағы елшісі М. әл-Шиннауи және «Arab Contractors» компаниясының өкілдерімен кездесу өткіздім. Бірқатар саладағы, оның ішінде құрылыс бағытындағы ынтымақтастық талқыланды. Әсіресе, құрылыс сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін технологияларға тоқталдық.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын әлеуметтік тұрғын үй, білім беру нысандары және басқа да әлеуметтік объектілер құрылысының көлемін ұлғайтамыз.

Өткен жылдың желтоқсан айында елордада ModeX үй құрылысы комбинаты ашылды. ҮҚК құрылыс мерзімін және нысандардың өзіндік құнын сапаға нұқсан келтірмей азайтуға мүмкіндік береді. Аталған үй құрылысы комбинатының қуаттылығы 500 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, «GLB» үй құрылысы комбинатының жұмысы қайта жанданды”, – деп жазды А.Көлгінов.

-->