Елорда жаңалықтары

«1 инфрақұрылым» тұрғын үй кешенінің құрылыс жобасын аяқтауға қаржы бөлінеді

Индустриялық-инновациялық даму шеңберiндегi жобалардың әлеуметтiк маңызы шексiз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала бередi. Барлық мемлекеттiк органдар бұл жұмысты өздерiнiң негiзгi қызметi деп есептеуi тиiс. Қазiргi уақытта Индустриалдық парк нағыз өндiрiстiң қайнаған ошағына айналып келедi. Іс-шараның күн тәртібіне Нұр-Сұлтан қаласының №1 Индустриялық паркіне қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы, "инфрақұрылым құрылысын аяқтау бойынша Жол картасын" іске асыру мәселелері қаралды. Отырысқа партиялық куратор комиссиясының мүшелері және Нұр-Сұлтан қаласы "Nur Otan" партиясы елордалық филиалының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов, Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлышев, "Астана-Технополис"АЭА басқарушы компаниясының басшысы Бахытжан Досказиев, SelenaInsulation ЖШС бас директоры Гульнара Байсарина және басқа да құзырлы мекемелер өкілдері қатысты. Сондай-ақ комиссия мүшелері ҚР Парламентіне "Индустриялық даму" бағыты бойынша партиялық кураторға 2021 жылы «1 инфрақұрылым» тұрғын үй кешенінің құрылыс жобасын аяқтауға қаржы бөлу туралы шешім қабылдап, ҚР Парламентіне және Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министірлігіне 2021-2023 жылдары «1 инфрақұрылым» тұрғын үй кешенінің құрылыс жобасын аяқтауға қаражат бөлу туралы хат ұсынды. Шара барысында комиссия мүшелері «Индустриалды парк» аумағын аралап, жүзеге асып жатқан жаңа жобалармен танысты. Аталған отырыстың соңында барлық комиссия мүшелері алдағы жиынның уақытын белгілеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

-->