Елорда жаңалықтары

Елордада ерекше жандар үшін қоғамдық көліктер қаншалықты қолжетімді

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елордада 30 мыңға жуық рухы мықты азамат тұрады. Олардың жүріп-тұруының ыңғайлы болуы үшін әрбір мекемеде арнайы баспалдақтар тұратын сияқты автобустарда да жағдай жасалынған. Бүгінде елорданың автопаркінде мыңнан аса жылжымалы құрам бар. Оның ішінде 872 автобус мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған механикалық және автоматты пандустармен жабдықталған. Сонымен қатар, аялдамалар ерекше жандарға арналған тактильді плиткамен жабдықталады. Партияның онлайн отырысында рухы мықты жандар үшін жағдайды одан әрі жақсарту жоспарланып, ұсыныстар айтылды.

-->