Елорда жаңалықтары

Елордада фото үшін көпір үстіне шыққандарға айыппұл салынды (ВИДЕО)

Оқиға орнына дереу автопатруль жеткен. Тәртіп сақшылары көпір аркасына көтерілген тәртіп бұзушыларды ұстап, полицияға жеткізді. Олардың жеке бастары анықталды. Олар 18 және 19 жастағы жастар. Құқық бұзушылар мұндай әрекетке қала көрінетіндей әсерлі фотоға түсу үшін шыққан.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті мұндай фотосессиялар көбінесе қайғылы жағдаймен аяқталатынын ескертеді.

-->

“Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жастармен қоғамдық тәртіпті сақтау және келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қала тұрғындарының қырағылығының арқасында жастардың іс-әрекеті бақытсыздықпен аяқталған жоқ”, – делінген хабарламада.