Нұр-Сұлтанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ашық есік күні өтті
Іс-шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына кіру кезеңінің өтуімен танысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қызығушылықты арттыру және қызметке жас, сауатты және мақсаттары айқын мамандарды тарту.
Департамент өкілі сыбайлас жемқорлықты жоюдың маңызды факторы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастарды тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісімен қоғамда нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды атап өтті.
Сондай-ақ, қатысушыларға ведомствоға түсу тәртібі мен жұмыс шарттары түсіндірілді. Бұл заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту, жеке қасиеттерін бағалау үшін тестілеу. Барлық тестілер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тапсырылады, одан әрі 6 ай құқық қорғау органдары академиясында оқылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына іріктеледі.
Сонымен қатар, студенттер дайындалып жатқан және жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлағаны үшін реттелетін ынталандыру жүйесін қолданыстағы заңнама нормаларымен таныстырды, сондай-ақ азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «1424 Call-орталығы» қызметі туралы хабардар етті.
Өз кезегінде студенттер еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға қатысты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу рәсімі туралы өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.
Акцияны қорытындылай келе, студенттер қызықты және танымдық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
-->Іс-шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қатарына кіру кезеңінің өтуімен танысты.