Елорда жаңалықтары

Елордада ақылы автотұрақтар қай орындарда пайда болады

Оның айтуынша, бұрын тұраққа көлік қоятын адамдардың 60%-ы ақыны паркомат арқылы төлейтін. Қазір барлығы онлайнға өтіп, 90%-ы ақыны телефондағы әртүрлі қосымшалармен төлейді.

Оның айтуынша, бұл жоба мемлекетпен бірлесіп іске асып жатыр және 10 мың адамға арналған.

Жоспар бойынша ақылы тұрақтар Сарыарқа ауданындағы Бөгенбай батыр, Республика және Сарыарқа даңғылдарында пайда болады. Бұдан бөлек, Алматы ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы мен Мұңайтпасов, Жұмабаев, Момышұлы көшелері де қамтылады. Байқоңыр ауданында тұрақтар "Артем", "Әсем" және "Шапағат" сияқты базарлар маңында ашылады.

-->

"Ақылы автотұрақ бағасы сағатына 100 теңге болады. Біз бұл тарифті бұған дейін Нұржол бульварында енгізген едік. Бәрі ойдағыдай өтті, баға да тым қымбат емес сияқты. Оған қоса әр адам нақты тұрған минутына төлей алады. Мәселен егер тұрақта 15 минут тұрса, онда 25 теңге төлейді", — деді компания басшысы Шыңғыс Досыбаев.

Оның айтуынша, бұрын тұраққа көлік қоятын адамдардың 60%-ы ақыны паркомат арқылы төлейтін. Қазір барлығы онлайнға өтіп, 90%-ы ақыны телефондағы әртүрлі қосымшалармен төлейді.

Оның айтуынша, бұл жоба мемлекетпен бірлесіп іске асып жатыр және 10 мың адамға арналған.

Жоспар бойынша ақылы тұрақтар Сарыарқа ауданындағы Бөгенбай батыр, Республика және Сарыарқа даңғылдарында пайда болады. Бұдан бөлек, Алматы ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы мен Мұңайтпасов, Жұмабаев, Момышұлы көшелері де қамтылады. Байқоңыр ауданында тұрақтар "Артем", "Әсем" және "Шапағат" сияқты базарлар маңында ашылады.

“Ақылы тұрақтарды сол жағалаудағы Сығанақ, Сарайшық, Мәңгілік Ел және Тұран көшелерінде ашу жоспарланған. Осылайша Нұржол бульварындағы 500 орынмен жаңа тұрақ орны 5500 жетпек”, — деп жоспарымен бөлісті Шыңғыс Досыбаев.