«Елорда жастары»: 18 млн теңгеге қандай баспана алуға болады?
«Елорда жастары» – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ-ның біріккен жобасы. Ол негізінен жас отбасыларды қолдауға бағытталған. Сондықтан оған 35 жасқа дейінгі жастар ғана қатыса алады.
Сонымен қатар қаржы институтының басшысы жаңа бағдарлама аясында жастарға жасалған жеңілдіктерге тоқталып өтті. Басқарма төрайымының айтуынша, бұл бағдарлама бойынша алғашқы жарна ретінде 10%-ын төлейді, ал жылдық пайыздық мөлшерлеме 5% құрайды. Берілетін несие мөлшері 18 млн. теңгеге дейін. Нәтижесінде, бағдарлама қатысушыларының төлейтін айлық несиесінің мөлшері 150 мың теңдеген төмен болады.
Бағдарлама бойынша қарастырылған 18 млн. теңгеге елордадан 1 немесе 2 бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Баспананы жаңа салынған және екінші нарықтағы тұрғын үйден де ала беруге рұқсат берілген.
«Елорда жастары» бағдарламасына жалпы 3,6 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға жыл соңына дейін 200 адам баспанамен қамтылады деп күтілуде. Үстіміздегі жылдың наурыз айында жеңілдетілген несие арқылы баспана алуға бағытталған «Алматы жастары» бағдарламасы іске қосылған болатын. Бастапқыда пәтерлер саны 100-ге, кейін 200-ге дейін жеткізілді. Ал, желтоқсан айының соңына дейін бір мың пәтерге несие ресімделеді деп күтілуде.
-->«Елорда жастары» – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ-ның біріккен жобасы. Ол негізінен жас отбасыларды қолдауға бағытталған. Сондықтан оған 35 жасқа дейінгі жастар ғана қатыса алады.
«Бағдарламаға қатысатын жастардың мамандығына келер болсақ, олар – қала өмірінде үлкен маңызға ие болып отырған әлеуметтік сала, мұғалім, дәрігер, жергілікті полиция, ТЖД қызметкерлері және адамдардың білімін арттыруға үлес қосып, бірақ аз жалақы алатындар. Бұл мамандардың айлықтары төмен болғандықтан, баспана алуға қаражат жинай алмайды. Оның үстіне бұл адамдардың басым бөлігі сырттан келгендер, яғни осында білім алып, өз қарым-қабілетін ел астанасында жүзеге асырғысы келетін азаматтар, – деді Ләззат Ибрагимова.
Сонымен қатар қаржы институтының басшысы жаңа бағдарлама аясында жастарға жасалған жеңілдіктерге тоқталып өтті. Басқарма төрайымының айтуынша, бұл бағдарлама бойынша алғашқы жарна ретінде 10%-ын төлейді, ал жылдық пайыздық мөлшерлеме 5% құрайды. Берілетін несие мөлшері 18 млн. теңгеге дейін. Нәтижесінде, бағдарлама қатысушыларының төлейтін айлық несиесінің мөлшері 150 мың теңдеген төмен болады.
Бағдарлама бойынша қарастырылған 18 млн. теңгеге елордадан 1 немесе 2 бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Баспананы жаңа салынған және екінші нарықтағы тұрғын үйден де ала беруге рұқсат берілген.
«Екінші нарықтағы үйді сатып алуға рұқсат беру арқылы ел экономикасына серпін беріп отырмыз. Бұған дейін қазақстандықтардың «Баспана хит» бағдарламасы аясында екінші нарықтағы баспананы сатып алу құқығы болды. Ол бағдарламаның лимиті аяқталғалы екінші нарықтан баспана алғысы келетін тұтынушыларымыздың саны артты. Сондықтан баспана алғысы келетін адамдарда таңдау құқығы болғаны дұрыс, – деді басқарма төрайымы.