Нұр-Сұлтандық полицейлер автокөлікті ұрлаған күдіктіні ұстады
Тергеп-тексеру барысында күдікті адамның қараусыз қалдырылған және күзет дабылымен жабдықталмаған автокөлікті ұрлап әкеткені анықталды. Ол қылмысты жасағаны туралы мойындау айғағын берді. Автокөлік қаланың шет жағынан табылып, иесіне қайтарылды. Қазір оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға автокөліктерін арнайы дабыл қағатын құрылғылармен жабдықтап, күзетілетін автотұрақтарға немесе паркингтерге қоюға кеңес береді.
-->Тергеп-тексеру барысында күдікті адамның қараусыз қалдырылған және күзет дабылымен жабдықталмаған автокөлікті ұрлап әкеткені анықталды. Ол қылмысты жасағаны туралы мойындау айғағын берді. Автокөлік қаланың шет жағынан табылып, иесіне қайтарылды. Қазір оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға автокөліктерін арнайы дабыл қағатын құрылғылармен жабдықтап, күзетілетін автотұрақтарға немесе паркингтерге қоюға кеңес береді.