Елорда мектептерінде 300-ден астам сынып карантинде
Сархат Бейсенова қыркүйек айында тамыз айының көрсеткіштерімен салыстырғанда ауру 3,5 есе төмендегеніне қарамастан, қалада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып отырғанын хабарлады.
Оның мәліметінше, эпидпроцесске қаланың 125 мектебінде 1237 сынып қатысты.
-->Сархат Бейсенова қыркүйек айында тамыз айының көрсеткіштерімен салыстырғанда ауру 3,5 есе төмендегеніне қарамастан, қалада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып отырғанын хабарлады.
Қала әлі де қызыл аймақта. Қалада тәулігіне КВИ жұқтырудың 200-280 жаңа жағдайы тіркелуде. Қыркүйек айында жұқтырған балалардың үлес салмағы 16 %-дан 24,3% - ға дейін, жасөспірімдердің үлес салмағы 2,5%-дан 5,4%-ға дейін өсті. Науқас балалардың үлесі 2,3-тен 20%-ға дейін өсті. Оқу жылының басынан бастап 2232 оқушы коронавируспен ауырды. Бұл барлық сырқаттанғандардың 19,6%-ы және оқушылардың жалпы санының 1%-ы, деді спикер.
Оның мәліметінше, эпидпроцесске қаланың 125 мектебінде 1237 сынып қатысты.
Бүгінгі таңда 1526 оқушы сауығып, мектепке оралды. Қазіргі уақытта 88 мектептің 303 сыныбы карантиндік шараларды жалғастыруда. КВИ жағдайларының ең көп саны 3-8 сынып оқушылары арасында байқалады. Бұл 963 жағдай немесе оқушылар арасындағы жалпы сырқаттанушылықтың 43%-ы, - деп түйіндеді Бейсенова.