Елорда жаңалықтары

Тартылып бара жатқан Үлкен Талдыкөл қалпына келтіріледі

Мәліметке сүйенсек, Үлкен Талдыкөлде лас су болмағандықтан, арнасы соңғы 5-6 жылда 5 есе түсіп кеткен. Бұрын онда 54 миллион текше метрден астам су сақталса, қазір 10 миллион текше метрге де жетпейді. Осы орайда әкім үлкен Талдыкөлдің аумағын абаттандыру туралы жоспарға да тоқталып өтті.

Сондай-ақ, экология талаптарына сәйкес қала аумағындағы қалған су қоймалары да қалпына келтірілетін болады. Әкімнің айтуынша, жұмыстың бәрі дұрыс, ақылмен жасалуы керек.

-->

«Біз бұл су қоймасын сақтауды қолдаймыз. Жалпы, Үлкен Талдыкөл - қала дамуының барлық кезеңіндегі сарқынды су жинағышы. Естеріңізде болса, ондағы қолқаны қабатын иіске қатысты біраз сын болды. Сол себепті, Елбасының тапсырмасымен кәріз-тазарту құрылғылары салынды. Қазір иіс жоқ. Тазарту қондырғылары жақсы жұмыс істеп тұр. Барлық су тазартылады», - деді Алтай Көлгінов.

Мәліметке сүйенсек, Үлкен Талдыкөлде лас су болмағандықтан, арнасы соңғы 5-6 жылда 5 есе түсіп кеткен. Бұрын онда 54 миллион текше метрден астам су сақталса, қазір 10 миллион текше метрге де жетпейді. Осы орайда әкім үлкен Талдыкөлдің аумағын абаттандыру туралы жоспарға да тоқталып өтті.

«Біз көлдің өзі буланбағанын қалаймыз. Ондағы батпақ тұзды болғандықтан, бұталар өспейді. Сонда да ол жерге рекреациялық аймақ құрғымыз келеді. Енді қанша қиындық тудырса да біздің мамандар осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Қаланың экологиясы үшін су толтырып, Үлкен Талдыкөлді сақтап қалуымыз керек. Жағасында жаяу жүргіншілер жолдары мен жасыл желектер болуы тиіс», - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, экология талаптарына сәйкес қала аумағындағы қалған су қоймалары да қалпына келтірілетін болады. Әкімнің айтуынша, жұмыстың бәрі дұрыс, ақылмен жасалуы керек.