«Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Байқау халықтың мейірімділік, қамқорлық, гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Басты міндеттері – еліміздегі қайырымдылықты арттыру, өзара көмек көрсетуді жаңғырту, өскелең ұрпақты ең жақсы қасиеттер мен мінез-құлыққа тәрбиелеу. Оған белсенді, азаматтық ұстанымы, қайырымды істерімен және әрекеттерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Биыл байқау жеңімпаздары 7 номинация бойынша анықталады. Шара Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында өткізілмек. Өтінімдерді қабылдау 30 қарашаға дейін жалғасады. Содан кейін ұйымдастырушылар жеңімпаздарды анықтайды. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімін келер жылдың ақпан айында, түркі әлемінің астанасы – Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отыр.
Осыған дейін 3 мәрте өткізілген байқауға ел бойынша мыңнан астам өтінім келіп түскен. Ал елорда бойынша 100-ге жуығы қабылданды. Одан бөлек, өткен аптада «Қайырымдылық керуені-2020» байқауына белсенді қатысқан елордалықтар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
-->Байқау халықтың мейірімділік, қамқорлық, гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Басты міндеттері – еліміздегі қайырымдылықты арттыру, өзара көмек көрсетуді жаңғырту, өскелең ұрпақты ең жақсы қасиеттер мен мінез-құлыққа тәрбиелеу. Оған белсенді, азаматтық ұстанымы, қайырымды істерімен және әрекеттерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
«Ел ішінде өзінің қайырымдылығымен көзге түскен, мұқтаж азаматтарға көмектескен, міндетпен емес, жүрек қалауымен елге, халыққа, қоғамға қол ұшын созуға ерекше атсалысып жүрген азаматтардың барлығы осы қайырымдылық қорының жеңімпазы бола алады. Ол үшін не істеу керек? Егер сондай азаматтарды білетін болсаңыздар, көрген болсаңыздар, танитын болсаңыздар, онда ұсыну керек», - деді қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.