Елорда жаңалықтары

Құқықтық мәдениет және жауапкершілік: Оқушылар медиация жөнінде не білуі керек

«Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры мен «QORGAU» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының қолдауымен, «QORGAU» заңгерлер мен медиаторлар зияткерлік клубының ұйымдастыруымен өткен шараға қырықтан аса жоғары сынып оқушысы қатысты. «QORGAU» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының президенті, кәсіби медиатор, құқық магистрі Әсел Сайлаубай атап өткендей, оқушылар арасындағы дауды азайту үшін мектеп медиациясының қызметі мен құрылымды сұхбат құруды дамыту маңызды. «Біздің көпшілігіміз медиация сөзін естігенімізбен, оның мағынасын түсінбеуіміз мүмкін. Медиаторлар, олар адамдарға тек дауларды шешуді ғана емес, қалай сөйлесу керектігін де үйретеді. Оқушылар арасында қандай да бір түсініксіз жағдай орын алғанда біз бірінші кезекте, өздерінің дауларын реттеуді үйретеміз. 10-11 сыныпта үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған өтпелі кезең болғандықтан, олардың ішкі қайшылықтары немесе ересектермен келіспеушіліктер орын алып тұруы заңдылық. Айта кету керек, өміріміздің барлық жағдайында да біз медиацияны қолдана аламыз. Бізде білім саласында да, отбасында да, құрылыс және банк саласында да және басқа да салаларда медиация бар», - деді Әсел Сайлаубай. Сонымен қатар медиатор құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, оқушылар заңды жаттауды және құрылымдық сұхбат құруды қалай ертерек бастайды, солайынша оларда даулы мәселе азаяды. «Біз балаларды жауапкершілікке үйретеміз. Егер олар қандай да бір дау тудырса, кәмелеттік жасқа толғанша сол дау үшін олардың ата-аналары жауап беретінін түсінуі керек. Ата-аналарды дұрыс тәрбие бермегені үшін жауапкершілікке тартатын, тіпті ата-ана құқығынан айыратын бап бар. Оның бәрі кәмелетке толмаған балалардың арасында болатын түсініспестіктің салдарынан болады. Сондықтан балалар өздерінің мінез-құлқы ата-аналарының болашағына қандай әсер тигізуі мүмкін екенін түсінуі керек», - деді медиатор. Сондай-ақ дәріс барысында спикер келіспеушілік, түсініспестік, дау арасындағы айырмашылық туралы айтып, оның шешу жолдарын түрлі мысал келтіре отырып жеткізді. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Естеріңізге салсақ, клуб медиаторлары «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагогтары мен ата-аналарға, оқушыларға медиация жөнінде дәрістер мен тренингтер өткізеді.

-->