Елордалық мың жасөспірімге «Жас сарбаз» куәлігі табысталады
Айта кетсек, аталған шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек, Сенат және Мәжіліс депутаттары, «Астана жастары» КММ орталығының басшысы Шыңғыс Тлеулин, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады деп күтілуде.
--> «Нұр-Сұлтан қаласы ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Еріктілер жылына» орай елорда әкімдігі «Астана жастары» орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қолдауымен, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен бастау алған «Jas sarbaz – Meiirimdilik biriktiredi» жобасы аясында елордамыздағы 1 000 «Жас сарбаз» тәрбиеленушісіне «Жас сарбаз» қозғалысында бар екенін растайтын куәлігін онлайн форматта табыстау рәсімі жоспарлануда. Шара барысында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері ант қабылдап, «Жас сарбаз» куәлігін ресми түрде алады және «Жас сарбаз» ұйымының 2 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.Айта кетсек, аталған шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек, Сенат және Мәжіліс депутаттары, «Астана жастары» КММ орталығының басшысы Шыңғыс Тлеулин, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады деп күтілуде.