Нұр-Сұлтаннан бір түнде 17 мың текше метр қар шығарылды
13 қараша күні қар тазалығына 960-тан аса арнайы техника бірлігі мен 1 800-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылған. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға көктайғақ кезінде жолда жүрудің ережесін еске салды: – қыз-келіншектер биік өкшеден уақытша бас тартып, табаны таймайтын аяқ киім таңдауы керек; – жолдың жаяу өткелінде өте мұқият болып, асықпай, әсіресе жүгірмей өту керек; – қол неғұрлым бос болуы керек, яғни ауыр сөмке көтермеуге тырысып, қолды қалтаға да салмаған жөн; – қарт адамдарға арнайы әзірленген таяқ ұстау ұсынылады.
--> «Қазгидрометтің дерегіне сәйкес, айлық норма 28 мм болса, 12 қараша күні 7 мм қар жауған. 12-сінен 13 қарашаға қараған түнде қала сыртына 17 555 текше метр қар шығарылды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.13 қараша күні қар тазалығына 960-тан аса арнайы техника бірлігі мен 1 800-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылған. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға көктайғақ кезінде жолда жүрудің ережесін еске салды: – қыз-келіншектер биік өкшеден уақытша бас тартып, табаны таймайтын аяқ киім таңдауы керек; – жолдың жаяу өткелінде өте мұқият болып, асықпай, әсіресе жүгірмей өту керек; – қол неғұрлым бос болуы керек, яғни ауыр сөмке көтермеуге тырысып, қолды қалтаға да салмаған жөн; – қарт адамдарға арнайы әзірленген таяқ ұстау ұсынылады.