Халықтық қатысу бюджеті: елордада жоба бағыттарын кеңейту ұсынылды
Тақырыптық сессияға қатысуға аудандық әкімдіктердің жауапты қызметкерлері, тексеру комиссиясының, бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілдері мен жұмысы жергілікті бюджетті қалыптастырумен және атқарумен тікелей байланысты азаматтық белсенділер арнайы шақырылды. "Халықтық қатысу бюджеті" бюджет қаражатын жұмсау бойынша басымдықтарды қалыптастыруға жұртшылықты тартудың перспективалық тетігі болып табылады. Бұл механизм алғаш рет Сарыарқа ауданында енгізілді. Биыл оған елордадағы басқа да аудандар қосылды. Біз барлық қала тұрғындарына осы тетіктің мүмкіндіктері бойынша ақпаратқа тең қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс деп есептейміз. Бірінші кезекте, барлық аудан әкімдіктеріне ресми сайттарда арнайы бөлімдер құруды ұсынамыз. Қазіргі уақытта 4 ауданның ішінде бұл айдар тек Сарыарқа ауданының әкімдігінде ғана бар. Бұл механизмнің қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат түсінікті және қолжетімді тілде көрсетілуі тиіс", — деп атап өтті "Социум-зерттеу" стратегиялық орталығы" ҚБ төрайымы Алтынай Нұркеева. Оның айтуынша, келесі кезең халықтық қатысу жобасы бойынша тақырыптар тізімін кеңейту болуы тиіс, елорда тұрғындарының басқа тақырыптар бойынша және қаржыландырудың үлкен көлемінде жобалар ұсынуға барлық мүмкіндіктері бар. Осылайша, 9-12 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бастамалар орталығы базасында IX Азаматтық форум аясында өткізілген тақырыптық сессиялардың жұмысы толық аяқталды. Жұмыс топтарын өткізу ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында жинақталған ТКШ, мемлекеттік тапсырыс, қоғамдық мониторинг және т.б. салалардағы мәселелер мен ұсыныстарды талқылауға, сондай-ақ билік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту үшін одан әрі ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
-->Тақырыптық сессияға қатысуға аудандық әкімдіктердің жауапты қызметкерлері, тексеру комиссиясының, бюджеттік жоспарлау басқармасының өкілдері мен жұмысы жергілікті бюджетті қалыптастырумен және атқарумен тікелей байланысты азаматтық белсенділер арнайы шақырылды. "Халықтық қатысу бюджеті" бюджет қаражатын жұмсау бойынша басымдықтарды қалыптастыруға жұртшылықты тартудың перспективалық тетігі болып табылады. Бұл механизм алғаш рет Сарыарқа ауданында енгізілді. Биыл оған елордадағы басқа да аудандар қосылды. Біз барлық қала тұрғындарына осы тетіктің мүмкіндіктері бойынша ақпаратқа тең қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс деп есептейміз. Бірінші кезекте, барлық аудан әкімдіктеріне ресми сайттарда арнайы бөлімдер құруды ұсынамыз. Қазіргі уақытта 4 ауданның ішінде бұл айдар тек Сарыарқа ауданының әкімдігінде ғана бар. Бұл механизмнің қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат түсінікті және қолжетімді тілде көрсетілуі тиіс", — деп атап өтті "Социум-зерттеу" стратегиялық орталығы" ҚБ төрайымы Алтынай Нұркеева. Оның айтуынша, келесі кезең халықтық қатысу жобасы бойынша тақырыптар тізімін кеңейту болуы тиіс, елорда тұрғындарының басқа тақырыптар бойынша және қаржыландырудың үлкен көлемінде жобалар ұсынуға барлық мүмкіндіктері бар. Осылайша, 9-12 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бастамалар орталығы базасында IX Азаматтық форум аясында өткізілген тақырыптық сессиялардың жұмысы толық аяқталды. Жұмыс топтарын өткізу ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында жинақталған ТКШ, мемлекеттік тапсырыс, қоғамдық мониторинг және т.б. салалардағы мәселелер мен ұсыныстарды талқылауға, сондай-ақ билік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту үшін одан әрі ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.