Елорда жаңалықтары

«Қорқыт» этно ансамблінің «Бабалар аманаты» атты концерті өтті

Кештің мақсатыхалқымыздың тарихынан сыр шертетін әндер мен күйлерді орындай отырып, бабалар мұрасын жаңғыртып, өткеніміз бен бүгінімізді жалғастырушы жалынды жастарымыздың орындауында ұлттық аспаптардың құдіретін көрсету.

Халқымыздың ән-күй өнері – сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес рухани асыл қазынасы.  Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ даламыздың әуезді әндері мен күмбірлеген күйлерін насихаттау арқылы келер ұрпаққа жеткізу.

Концертте «Қорқыт» этно ансамблімен бірге «Құрмет» орденінің иегері – Еділ Құсайынов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Раушан Оразбаева, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары – Перизат Тұрарова, Мұратбек Хайролда, Айгерім Нартүеева, Жақсыгелді Маясаров, Алуа Қалымбекова, Өзгеріс Шерікбай, Айнұр Қонысбаева, Айдос Оңғарбай және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек.

-->