«Астана орманында» атпен серуендеуге болады
Жасыл белдеуде атпен серуендегісі келгендер арнайы орынға келіп, Қамбар ата түлігін белгілі бір уақыт аралығында жалға алуы керек. Мұнда оларға атпен серуендеуге арналған қорғаныш киімдері беріліп, атпен жүру бойынша қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.
Серуендеуге арналған аттар – «Тайтөбе» ауыл шаруашылығы коопертивінің меншігі. Кооператив төрағасы Мұрат Қасымов та туристерге қызметтің ерекше түрін ұсынудағы жоспарын бөлісті.
Бір сөзбен айтқанда, жасыл белдеу аумағында атпен серуендеуге арналған соқпақ демалысын табиғат аясында өткізгісі келетіндер үшін таптырмас орынға айналғалы тұр.
Шынболат Күзекбаев
-->Жасыл белдеуде атпен серуендегісі келгендер арнайы орынға келіп, Қамбар ата түлігін белгілі бір уақыт аралығында жалға алуы керек. Мұнда оларға атпен серуендеуге арналған қорғаныш киімдері беріліп, атпен жүру бойынша қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.
«Атпен жүруге арналған соқпақта қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз демалысы үшін барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, нысан аумағында 5 демалыс аймағы, автотұрақ, модульдік әжетханалар бар. Бейнебақылау камералары да орнатылған. Соқпақта атпен серуендеу қызметі жыл он екі ай көрсетіледі. Аттарды күтіп-баптау, келушілерге қызмет көрсету бағытында 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда келушілерге табиғат аясында, таза ауада атпен серуендеумен бірге, атқа мінуді үйрету қызметі де ұсынылады. Алдағы уақытта әлеуеттік жоба шеңберінде денсаулығында ақауы барларға арнап иппотерапия қызметін де іске қосу жоспарда бар», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Қыдыр Жиенәлі.
Серуендеуге арналған аттар – «Тайтөбе» ауыл шаруашылығы коопертивінің меншігі. Кооператив төрағасы Мұрат Қасымов та туристерге қызметтің ерекше түрін ұсынудағы жоспарын бөлісті.
«Қазір мұнда 15 ат бар. Олардың қатарын иппотерапияға арналған жылқылармен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар балаларға арнап понилерді әкелеміз. Аттардың мінезі әрқилы. Сәйкесінше келушілердің арасында да бұрыннан атқа мініп жүргендер немесе енді үйренгісі келетіндер де табылып жатады. Олар арнайы нұсқаушының көмегімен атқа мінуді үйреніп шығады. Сондай-ақ жаз айларында арбаға, қыста шанаға жегуге арналған аттар да бар. Бір сөзбен айтқанда, кез келген талғамдағы тұтушының көңілінен шығуға барымызды саламыз. Атпен серуендеуден бөлек, қоғамдық тамақтандыру орны мен қымызхана да ашамыз. Мініс аттарды жалға алу ақысы да қолжетімді. Уақытына қарай 1500 теңгеден басталып, 5 мың теңгеге дейін жетеді», - дейді кооператив төрағасы.
Бір сөзбен айтқанда, жасыл белдеу аумағында атпен серуендеуге арналған соқпақ демалысын табиғат аясында өткізгісі келетіндер үшін таптырмас орынға айналғалы тұр.
Шынболат Күзекбаев