Елорда жаңалықтары

Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы талқыланды

Отырыста “Нұр Отан” партиясының сайлауалды «Өзгеріс жолы: Әр адамға лайықты өмір» атты бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының іске асу барысы талқыланды.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Құлұшев ЖЭС-1, ЖЭС-2, электр құбырлары, сумен қамтамасыз ету және жаңбыр суы ағатын кәріз жүйесі туралы баяндады.

Құрылыс басқармасының төрағасы Арсен Жанғасқанов спорт мектептері мен спорт кешендері туралы баяндап берді.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының төрағасы Ануар Саипов тұрғын үй кешендердің салынуы, үйлер мен лифттердің қайта жөнделгенін және пәтер кілттерінің берілгені туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл 25 тұрғын үй кешенінде 30 лифт қайта жөндеуден өткен. 

“Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жергілікті атқарушы орган басшыларына бірқатар тапсырма берді. Мәслихат депутаттары, фракция өкілдері, Қоғамдық кеңес басшыларына әлгі тапсырмалардың орындалу барысын сапалы және уақытылы қадағалау тапсырылды.

-->

“Жыл басталғалы 4885 тұрғын үй газ құбырына қосылған, жыл аяғына дейін 9947 тұрғын үй газ құбырына қосылуы күтілуде. Жалпы биыл Нұр-Сұлтанда 3 жаңа автобус бағыты, 8 көшеде қосымша қоғамдық көлік сызығы, 115 көше толықтай жөндеуден өтті”, – деді басқарма басшысы.

Құрылыс басқармасының төрағасы Арсен Жанғасқанов спорт мектептері мен спорт кешендері туралы баяндап берді.

“Биыл 15 мектеп іске қосылады деп күтілуде. Өткен айда 8 мектептің құрылысы аяқталды. 2020 жылы  20 мың оқушыға мектеп салынса, биыл 40 мың оқушыға мектеп салынды. «Көктал», «Өндіріс» тұрғын аудандарда спорт кешендері салынып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Сонымен қатар «Үркер», «Железнодорожный» тұрғын аудандарында спорт кешендері салынып жатыр. Қысқа мерзім уақытта кешендер іске қосылады”, – деп атап өтті ол. 