Тәжікстанмен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалары айқындалды
Сондай-ақ А.Көлгінов кездесу барысында Рустам Эмомалиді елордадағы бірқатар жобамен таныстырғанын атап өтті.
Елорда басшысының айтуынша, қазіргі уақытта 15 мың 300 км инженерлік желілер (сумен жабдықтау, кәріз, жылу желілері, электр желілері, газбен жабдықтау желілері және т. б.) цифрландырылды, инженерлік-геодезиялық жұмыстардың қорытындылары бойынша 125 мыңға жуық құдық және т. б. түсірілді. Одан бөлек, қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығын жұмысы да бір төбе. Жыл сайын мұнда түсетін өтініштер саны өсуде. Мысалы, 2018 жылы өтініштер саны 1 млн-нан астам болса, 2019 жылы 1 млн 600 мыңнан астам, ал өткен жылы 2 млн-нан асқан.
Айта кетейік, екі ел арасындағы ынтымақтастық өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға, жаңа кәсіпорындар ашуға, жұмыс орындарын құруға, инвестициялар тартуға, соның ішінде ШОБ өкілдеріне жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
-->
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға ресми сапары аясында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің одан арғы перспективалары айқындалды. Екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастық қалаларда маңызды кәсіпорындардың ашылуына одан әрі серпін береді”, – деп жазды қала әкімі.
Сондай-ақ А.Көлгінов кездесу барысында Рустам Эмомалиді елордадағы бірқатар жобамен таныстырғанын атап өтті.
“Мысалы, өздеріңіз білетіндей, елордамызды цифрлаудамыз. Қаланы цифрландыру қала құрылысы процестерін (әлеуметтік объектілерді біркелкі бөлу) болжауға және модельдеуге, жер учаскелерін ұтымды пайдалануға, инженерлік желілерге түсетін жүктемені көруге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс бұрынғыдан да өзекті, өйткені инженерлік желілердің орналасқан жері мен жағдайы туралы мәліметтер әрдайым қағаз жүзінде бірдей бола бермейді. Осыған байланысты үзілістер, апаттар орын алады. Цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, желілердің қуатын арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және жаңа объектілерді инженерлік желілерге қосу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл, әрине, қалада тұрудың жайлылығын арттырады”, – деді әкім өз постында.