Елорда құрылғалы көшелерінің 90 пайыздан астамы қазақыланған
Сондай-ақ биыл қаладағы 10 мектеп пен театрға және филармонияға жаңа атау берілмек. Ал көше атауларының басым бөлігі Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қазақшаланғаны мәлім. Биыл тағы 50 көшеге жобалық ат беріліп отыр.
Ескі қаладан қалған бірер көше қазақшаға аударылып, көбісіне жаңа атау берілгенмен, жергілікті тұрғындардың кейбірі оларға әлі де үйренісе алмай жүр. Ал тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасындағы ономастика бөлімінің мамандары ескі қаладан қалған орысша атауларды ел құндылығы мен тарихын дәріптейтін жаңа атаулармен алмастырудың болашақ үшін аса маңызды екенін ескертті.
-->Сондай-ақ биыл қаладағы 10 мектеп пен театрға және филармонияға жаңа атау берілмек. Ал көше атауларының басым бөлігі Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қазақшаланғаны мәлім. Биыл тағы 50 көшеге жобалық ат беріліп отыр.
«Нұр-Сұлтан қаласында қазір атау берілген 1113 көше бар. Оның 90 пайыздан астамы осы тәуелсіздік жылдары, әсіресе 1997 жылдан бері қазақша атау алған көшелер», - дейді қалалық тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.
Ескі қаладан қалған бірер көше қазақшаға аударылып, көбісіне жаңа атау берілгенмен, жергілікті тұрғындардың кейбірі оларға әлі де үйренісе алмай жүр. Ал тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасындағы ономастика бөлімінің мамандары ескі қаладан қалған орысша атауларды ел құндылығы мен тарихын дәріптейтін жаңа атаулармен алмастырудың болашақ үшін аса маңызды екенін ескертті.
«Қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының арғы жағында Ақмола, Целиноград жатыр. Қаласы әкімдігі сол кезде қойылған атауларды қазір қайтадан қарап, қазақыландыру жөнінде үнемі оң шешім қабылдап отырады. Біз – комиссия мүшелері осы оң шешімді қабылдауға әрекет жасаймыз», - дейді Жазушылар оодағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы.