Астаналық ардагерлер ардақталды
Шараға РФ Қазақстандағы Елшілігі жанындағы қорғаныс мәселелері жөніндегі атташе Вадим Ухналев, Нұр-Сұлтан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарға қатысқан ардагерлер одағы төрағаның орынбасары Айтуған Күзербаев қатысып, сөз сөйледі.
Акция аясында астаналық ардагерлерге 100 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
-->Шараға РФ Қазақстандағы Елшілігі жанындағы қорғаныс мәселелері жөніндегі атташе Вадим Ухналев, Нұр-Сұлтан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, ҚР Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов, Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдар мен қақтығыстарға қатысқан ардагерлер одағы төрағаның орынбасары Айтуған Күзербаев қатысып, сөз сөйледі.
Акция аясында астаналық ардагерлерге 100 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
«Мәселе ақшада емес, қымбатты достар! Бұл – Ресейдің Қазақстандағы Елшілігі өкілдерінің сіздерге деген құрметі, ыстық ықыласы. Біздің Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әкелеріміз, аталарымыз одақтас елдермен бірге ортақ бір дұшпан – фашизмге қарсы соғысты. Ауған соғысының ардагерлері туралы айтсақ та, барлығы сол жалпыхалықтық Кеңестер одағының әскері болған. Оны ешқашан ұмытуға болмайды. Сондықтан бүгінгі акцияны да ресейлік әріптестерімізбен бірігіп, осы залда отырған нағыз ерлер үшін ұйымдастырып отырмыз», – деді Нұр-Сұлтан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.