Елорда жаңалықтары

Елордада жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген жүргізуші ұсталды

2020 жылдың мамыр айында соттың шешімімен ер адам мас күйде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда, жүргізуші жазаны елеместен жүргізуші құқығынсыз рөлге отырған. Аталған факті бойынша құқық бұзушы Есіл ауданының полиция бөліміне процессуалдық шешім қабылдау үшін жеткізілген. Жүргізушіге соттың шешімімен онлайн режимде ҚР ӘҚБтК 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жаза тағайындалып, 138 208 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті автокөлік иелерінен ЖҚҚ сақтауды және жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырмауды ескертеді.

-->