Елордада мүгедектерге ақысыз қызметтер көрсетіледі
Мекеме қызметкерлері орталық туралы білмейтін, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге әрқашан дайын екендерін жеткізді. Мысалы емделуші Әлібек Бегалин бұл орталыққа Қостанай облысынан қатынайды. Ем алып жүргеніне 7 айға жуық уақыт болған. Ол оңалту орталығын таныстары арқылы тауыпты. Мекеме қызметкерлеріне айтар алғысы зор.
Орталықта көрсетілетін қызметтер жартылай стационарлық негізде тегін. Келушілер санына шектеу қойылмаған. Мекеме қала әкімдігі мен жеке инвесторлар тарапынан қаржыландырылады. Онда тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар орталығынан бөлек, психикалық ауытқуы бар балаларға арналған балабақша, сондай -ақ есту қабілеті бұзылған адамдарға диспетчерлік қызмет көрсетіледі.
Қазір онда 60 адамға қызмет көрсетіліп жатыр. Кейін келушілердің санын арттыру жоспарланған. Ал орталық өкілдері мүмкіндігінше оңалту мекемесі туралы көп адамның білгенін қалайды.
-->Мекеме қызметкерлері орталық туралы білмейтін, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге әрқашан дайын екендерін жеткізді. Мысалы емделуші Әлібек Бегалин бұл орталыққа Қостанай облысынан қатынайды. Ем алып жүргеніне 7 айға жуық уақыт болған. Ол оңалту орталығын таныстары арқылы тауыпты. Мекеме қызметкерлеріне айтар алғысы зор.
«Таңғы 9-да келемін, содан кешкі сағат 3-4-ке дейін жүремін. Массажымды, ЛФК-ны, тренажерымды аламын. Жүре алмайтын едім, қазір Аллаға шүкір, өз бетіммен жүріп жүрмін», - дейді Қостанай облысының тұрғыны Әбдібек Бегалин.
Орталықта көрсетілетін қызметтер жартылай стационарлық негізде тегін. Келушілер санына шектеу қойылмаған. Мекеме қала әкімдігі мен жеке инвесторлар тарапынан қаржыландырылады. Онда тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар орталығынан бөлек, психикалық ауытқуы бар балаларға арналған балабақша, сондай -ақ есту қабілеті бұзылған адамдарға диспетчерлік қызмет көрсетіледі.
«Менің есту қабілетім нашар. Көптеген өмірлік қиындықтарды бастан өткердім. Сондықтан адамдарға оңалту орталығын ашқым келді», - дейді «АСТ Астана» әлеуметтік-технологиялық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасұлан Жасанов.
Қазір онда 60 адамға қызмет көрсетіліп жатыр. Кейін келушілердің санын арттыру жоспарланған. Ал орталық өкілдері мүмкіндігінше оңалту мекемесі туралы көп адамның білгенін қалайды.