Көпқабатты үйдің тұрғындары өрттен құтқарған полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді
Бақыт Бауыржанқызының айтуынша, шамамен сағат 04.00-де үйдің 4-кіреберісінен түтін шыға бастаған. Қою қара түтін баспалдақтың шабағын басқан. Ол уақытта барлық тұрғындар ұйықтап жатқан. Полиция қызметкерлері пәтерлердің есіктерін қағып, адамдарды шығара бастаған. Оқиғаны көзбен көрген тұрғын: «Бәрі дәл кинодағыдай көз алдымызда болды», - дейді. «Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуі мені таң қалдырды. Түтінге тұншығып қалмас үшін барлық тұрғындарға өздерімен бірге орамалды сулап алуды ұсынды. Қайсарлық танытқандары үшін мен оларға өте ризамын», - деді Бақыт Бауыржанқызы. Құтқару операциясы барысында олар 100-ден аса тұрғынды алып шыққан. Аяғы ауыр әйелдер мен балаларды көтергіш құрылғымен эвакуациялаған. Өрт сөнбей қалған темекі тұқылын тастаған баспалдақ шабағының астынан шыққаны анықталды.
-->Бақыт Бауыржанқызының айтуынша, шамамен сағат 04.00-де үйдің 4-кіреберісінен түтін шыға бастаған. Қою қара түтін баспалдақтың шабағын басқан. Ол уақытта барлық тұрғындар ұйықтап жатқан. Полиция қызметкерлері пәтерлердің есіктерін қағып, адамдарды шығара бастаған. Оқиғаны көзбен көрген тұрғын: «Бәрі дәл кинодағыдай көз алдымызда болды», - дейді. «Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуі мені таң қалдырды. Түтінге тұншығып қалмас үшін барлық тұрғындарға өздерімен бірге орамалды сулап алуды ұсынды. Қайсарлық танытқандары үшін мен оларға өте ризамын», - деді Бақыт Бауыржанқызы. Құтқару операциясы барысында олар 100-ден аса тұрғынды алып шыққан. Аяғы ауыр әйелдер мен балаларды көтергіш құрылғымен эвакуациялаған. Өрт сөнбей қалған темекі тұқылын тастаған баспалдақ шабағының астынан шыққаны анықталды.