Елорда әкімдігі Астана медицина университетінің 300-ге жуық резидент студентіне шәкіртақы тағайындады
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырысына сәйкес 293 резидент студентке грант жарияланған болатын. Осы тапсырыстың нәтижесі бойынша Астана медициналық университеті жоғары оқу орнында тіркелген 293 студентті іріктеп алды. Бұл іріктеуге 700-ден астам өтінім түскен. Айта кетерлік бір мәселе резидентура студенттері жартылай қызметкер форматында болғаннан кейін шәкіртақысыз оқу қиынға түсіпті. Осыны ескере отырып, грант иегерлерінің бірі Жаңабай Таңатқан тиісті органдарға ресми хат жолдап, стипендия тағайындауын сұраған екен. «Биыл резидентураға қосымша 300-ге жуық грант бөлінеді дегенді естігенде қатты қуанып кеттік. Бақытыма орай, тегін оқудың бірі маған да тиді. Бірақ бір қиындығы шәкіртақысы жоқ болатын. Студенттердің әрқайсысының әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Арамызда бір-екі баласы бар студенттер де бар. Қосымша жұмыс істеп табыс табу мен оқуды қатар алып жүру оңай емес. Осыны ойлап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына және Алтай Көлгінов басшылық ететін елорда әкімдігіне бүкіл студенттің атынан ресми хат жолдап, стипендия қарастыруын өтіндім. Әрине мұндай жауапты істе Астана медициналық университетінің басшылығы мені жалғыз қалдырмады. Осы хаттан кейін көп ұзамай өтінішіміз жерде қалмай, шәкіртақы тағайындалғаны туралы сүйінші хабар естідік», — дейді резидент. Ол сөзін жалғай отырып, студенттердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, стипендия бөлген қала әкімдігіне алғысын білдірді. Айтуынша, бұл істің басы-қасында қалалық Жастар саясаты басқармасы да шет қалмапты. «Қазіргідей эпидемиология ахуалға байланысты экономикалық қиындықтарға қарамай, грант та, стипендия да бөлген елорда әкімдігіне, сол сияқты университетіміздің басшылығына алғысымыз шексіз. Ендігі мақсат — өзім оқитын лор мамандығын жетік меңгеру», — деп Жаңабай Таңатқан ойын аяқтады. Жастардың тілегі назардан тыс қалмай, жүзеге асуы — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асып жатқанының белгісі болса керек.
-->Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырысына сәйкес 293 резидент студентке грант жарияланған болатын. Осы тапсырыстың нәтижесі бойынша Астана медициналық университеті жоғары оқу орнында тіркелген 293 студентті іріктеп алды. Бұл іріктеуге 700-ден астам өтінім түскен. Айта кетерлік бір мәселе резидентура студенттері жартылай қызметкер форматында болғаннан кейін шәкіртақысыз оқу қиынға түсіпті. Осыны ескере отырып, грант иегерлерінің бірі Жаңабай Таңатқан тиісті органдарға ресми хат жолдап, стипендия тағайындауын сұраған екен. «Биыл резидентураға қосымша 300-ге жуық грант бөлінеді дегенді естігенде қатты қуанып кеттік. Бақытыма орай, тегін оқудың бірі маған да тиді. Бірақ бір қиындығы шәкіртақысы жоқ болатын. Студенттердің әрқайсысының әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Арамызда бір-екі баласы бар студенттер де бар. Қосымша жұмыс істеп табыс табу мен оқуды қатар алып жүру оңай емес. Осыны ойлап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына және Алтай Көлгінов басшылық ететін елорда әкімдігіне бүкіл студенттің атынан ресми хат жолдап, стипендия қарастыруын өтіндім. Әрине мұндай жауапты істе Астана медициналық университетінің басшылығы мені жалғыз қалдырмады. Осы хаттан кейін көп ұзамай өтінішіміз жерде қалмай, шәкіртақы тағайындалғаны туралы сүйінші хабар естідік», — дейді резидент. Ол сөзін жалғай отырып, студенттердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, стипендия бөлген қала әкімдігіне алғысын білдірді. Айтуынша, бұл істің басы-қасында қалалық Жастар саясаты басқармасы да шет қалмапты. «Қазіргідей эпидемиология ахуалға байланысты экономикалық қиындықтарға қарамай, грант та, стипендия да бөлген елорда әкімдігіне, сол сияқты университетіміздің басшылығына алғысымыз шексіз. Ендігі мақсат — өзім оқитын лор мамандығын жетік меңгеру», — деп Жаңабай Таңатқан ойын аяқтады. Жастардың тілегі назардан тыс қалмай, жүзеге асуы — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асып жатқанының белгісі болса керек.