Елорда жаңалықтары

«Қазақстанда білім беру және оңалту орталықтары әлі де жетіспейді» - сенатор

Сенат депутатының айтуынша, қазір Қазақстанда 17 жасқа дейінгі 6 миллионнан астам бала бар екен. Оның 3 миллионы мектепте оқиды. Бала саны өскен сайын қажеттіліктің де артатыны сөзсіз. Ал жыл сайын инклюзивті мектептер мен балабақшалар салынып жатқанмен, олардың жағдайы нашар көрінеді.

-->

«Біз Балқаштағы балалар орталығына бардық. Ол филиал 2019 жылдан бері инклюзивті бағытта жұмыс істеп тұр. Олар 1 ауысымда 155 баланы қабылдаса, оның 55-і кембағал. Мекеме 1972 жылы салынған. Содан бері толық жөнделмеген. Аумағы қираған, жарымжан балаларға кедергі көп, жаңа мектебі жоқ, дефектолог, логопед жетіспейді. Сенсорлық кабинеттер,спорт кешені жасалмаған. Тіпті, орталық жылыту маусымына да дайын емес», - дейді Динар Нүкетаева.