Елорда жаңалықтары

Елімізде риелторлардың дәурені жүріп тұр

Жалпы, елімізде ресми тіркеліп, заңды жұмыс істеп жүрген 60, бейресми 4 мыңға жуық риелторлық компания бар. Олардың қызмет ақысы Нұр-Сұлтанда 300 мың, Алматыда 350 мың теңгеден басталса, басқа өңірлерде орта есеппен 200 мың теңге болып тұр. Ал мұндай қаржыны қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. Сонымен, қазір пәтерді жалға алатын болсаңыз, делдалға оның 20 пайызын бересіз. Ал сатып алатын немесе сататын болсаңыз, риелтордың қолына 3 пайызы кетеді. Ол аздай, кейбір компаниялар сатушыдан да, сатып алушыдан да ақша талап ететін болған.

-->

«Бұл саланы Үкімет заңмен қарап отырған жоқ. Сондықтан клиенттер оқудан өтпеген білімсіз жаңа риелторларға тап болса, қателесуі мүмкін. Осындай жағдайда «қара риелтор» шығады. Негізі оның білімі төмендеу. Оларды оқыту керек», - дейді Біріккен риелторлар қауымдастығының кеңес мүшесі Орынбасар Сатаев.