Елорда жаңалықтары

Елорда әкімі әлеуметтік тұрғын үй құрылысы барысымен танысты

«Жыл соңына дейін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй саламыз. Қаланы аралау барысында жеңілдікпен берілетін үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Көппәтерлі тұрғын үй кешендері қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан. Мәселен, Рыскелді қажы (Сарыарқа ауданы) мешіті жанында орналасқан тұрғын үйді жыл соңына дейін тапсырамыз. Мұнда кезекте тұрған 530 адам пәтер алады. Олар халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады», - деп жазды А.Көлгінов.

Сонымен қатар, Алматы ауданы (метроға жақын) мен Жағалау ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. «Пәтерлердің жалпы саны 2 мыңнан асады. Олар кезекте тұрғандарға, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, Шаңырақ «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының қатысушыларына беріледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым», - дейді елорда әкімі. [caption id="attachment_45135" align="alignnone" width="1280"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]

--> «Жыл соңына дейін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй саламыз. Қаланы аралау барысында жеңілдікпен берілетін үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Көппәтерлі тұрғын үй кешендері қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан. Мәселен, Рыскелді қажы (Сарыарқа ауданы) мешіті жанында орналасқан тұрғын үйді жыл соңына дейін тапсырамыз. Мұнда кезекте тұрған 530 адам пәтер алады. Олар халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады», - деп жазды А.Көлгінов.