Омбыда Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды
Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығының (бұрышының) ашылуы А.Пушкин атындағы кітапхананың оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрімен, жазуымен және мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Бұл - Қазақстанның жетістіктері, экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстары туралы әдебиет арқылы баяндаудың тамаша мүмкіндігі. Орталықта тарихи, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттер тақырыбындағы кітаптар ұсынылды. Кездесу барысында Қазақстан және Ресей кітапханалары арасында өзара мәдени және кітапханалық ынтымақтастық, халықаралық кітап алмасу мен цифрлық, электрондық өзара іс-қимыл мәселелері мүмкіндігін беретін меморандумға қол қойды. Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Мәдениет және спорт министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен ашылды. Орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Ұлы Абайдың, қазақ ақын жазушыларының Ілияс Жансүгіровтың, Әбіш Кекілбайұлының, Мырзатай Жолдасбековтің, Олжас Сүлейменовтің, Сәуле Досжанның және т.б. қазақ авторларының кітаптары қойылды. Орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан тарихын, мәдениеті мен әдебиетін насихаттау мақсатында Ресей мемлекетінде өтіп жатқан «Бейбітшілік және естелік жолымен» атты халықаралық экспедиция мүшелерінің, зиялы қауым өкілдерінің және кітапханашылардың қатысуымен өтті. Делегация құрамында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Мұңалбаева, Ресей Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Н.Иванов, РФ Жазушылар одағының мүшесі Г.Пряхин, ҚР Жазушылар одағының мүшелері Б.Әлімжанов, М. Қарт, ЕҰУ профессоры С.Құттықадам және басқа да екі елдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шет елдердің ұлттық кітапханаларында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталықтарын ашу бойынша халықаралық жобаны іске асырып келеді.
-->Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығының (бұрышының) ашылуы А.Пушкин атындағы кітапхананың оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрімен, жазуымен және мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Бұл - Қазақстанның жетістіктері, экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстары туралы әдебиет арқылы баяндаудың тамаша мүмкіндігі. Орталықта тарихи, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттер тақырыбындағы кітаптар ұсынылды. Кездесу барысында Қазақстан және Ресей кітапханалары арасында өзара мәдени және кітапханалық ынтымақтастық, халықаралық кітап алмасу мен цифрлық, электрондық өзара іс-қимыл мәселелері мүмкіндігін беретін меморандумға қол қойды. Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Мәдениет және спорт министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен ашылды. Орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Ұлы Абайдың, қазақ ақын жазушыларының Ілияс Жансүгіровтың, Әбіш Кекілбайұлының, Мырзатай Жолдасбековтің, Олжас Сүлейменовтің, Сәуле Досжанның және т.б. қазақ авторларының кітаптары қойылды. Орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан тарихын, мәдениеті мен әдебиетін насихаттау мақсатында Ресей мемлекетінде өтіп жатқан «Бейбітшілік және естелік жолымен» атты халықаралық экспедиция мүшелерінің, зиялы қауым өкілдерінің және кітапханашылардың қатысуымен өтті. Делегация құрамында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ү.Мұңалбаева, Ресей Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Н.Иванов, РФ Жазушылар одағының мүшесі Г.Пряхин, ҚР Жазушылар одағының мүшелері Б.Әлімжанов, М. Қарт, ЕҰУ профессоры С.Құттықадам және басқа да екі елдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шет елдердің ұлттық кітапханаларында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталықтарын ашу бойынша халықаралық жобаны іске асырып келеді.