Елорда жаңалықтары

Еңбек инспекторлары биыл 17 мыңға жуық жұмысшының құқығын қорғады

1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 632 кәсіпорнында 17,7 мың жұмысшының алдында 3,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 675 нұсқама беріліп, 77,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 16,9 мыңнан астам жұмысшының құқықтары қорғалды. Оларға 3,8 млрд теңге төленді.

-->