Елорда жаңалықтары

«Кіші Талдыкөлді құрғатпаймыз» – әкімдік өкілдері

Соңғы уақытта елорда тұрғындары мен экобелсенділер тарапынан қаладағы Кіші Талдыкөлді сақтап қалу мәселесі жиі-жиі көтеріліп жүрген. Олардың айтуынша, көлдің көзін жою табиғатқа жасалған қастандықпен пара-пар. Алайда әкімдік өкілдері алда қолға алынғалы жатқан іс-шаралардан қоршаған ортаға еш зиян келмейтінін, керісінше, ол бірқатар проблеманы шешіп, ахуалдың жақсы жаққа қарай өзгеруіне мүмкіндік беретінін айтты.

Оның сөзінше, бүгінде Кіші Талдыкөлде Қызыл кітапқа енген 200-дей құс мекендеп, 90 шақты өсімдік түрі өседі. Абаттандыру жұмысы олардың өмір сүруіне кедергі келтірмейді.

Брифинг барысында сөз алған «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртайдың айтуынша, қала Целиноград болып аталып тұрған шақта Кіші Талдыкөл кәріз суларын төгетін орын болған. Қазір сол қалдықтардан улы газ метан бөлініп, ауаға тарап жатыр. Ал абаттандыру жұмысы бұл проблеманы шешуге көмектеседі.  

-->

«Әуелі біздің әңгімеге өзек болып отырған Кіші Талдыкөлдің көл емес, сулы-батпақты алқап екенін анықтап алайықшы. Біріншіден, бұл сулы-батпақты алқап құрғатылмайды, оның айналасы абаттандырылады. Нұр-Сұлтан қаласын дамыту туралы кешенді жоспарға сәйкес, оның шығыс бөлігіне тұрғын үйлер және балабақша, емхана секілді әлеуметтік нысандар салынады. Бірақ су айдыны сақталады. Аумағы 20 гектар болатын алқаптың суы тазаланады, айналасына парк салынады. Қазіргі күні қала әкімдігі құрылыс салушылармен осындай келісімге келіп отыр», – деді Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев.

Оның сөзінше, бүгінде Кіші Талдыкөлде Қызыл кітапқа енген 200-дей құс мекендеп, 90 шақты өсімдік түрі өседі. Абаттандыру жұмысы олардың өмір сүруіне кедергі келтірмейді.

«Бірнеше рет Кіші Талдыкөлдің суына тексеру жүргізілген-ді. Тексеру барысында судың ластану деңгейі тым жоғары екені белгілі болды. Яғни су құрамындағы зиянды химиялық элементтер өте көп. Соның кесірінен жаман иіс шығып, ауаға тарайды. Суды мұқият тазартып, айналасына парк салу жоспарланып отыр. Бұл қайта, керісінше, сол аумақтың табиғатына оң әсер етеді. Орташа есеппен айтсақ, бізге күніне 1 адам Талдыкөлді сақтап қалу мәселесі бойынша хабарласса, 20 шақты тұрғын жағымсыз иіс, маса, кенелерді айтып шағымданады. Ол жердің нағыз проблемасы сол маңда тұратын тұрғындарға ғана жақсы аян», – деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Әлия Қожабаева.