Елорда жаңалықтары

Елордада әлеуметтік топтарға арналған бизнес-тренинг өтті

30 адам қатысқан тренинг барысында бизнес жүргізу, салық және мемлекеттік гранттарды алу тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларды мемлекеттік грант алу, «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша оқыту және жеке кәсіпкерлерге салынатын салықтарды жабу туралы сұрақтар толғандырды. [caption id="attachment_44905" align="alignnone" width="696"] Фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption] «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорының төрайымы Пернеш Абдукаримова практикалық білім мен білікке ие болғаннан кейін белсенділер бизнес ашып, гранттық бағдарламаларға қатысуды жоспарлап отырғанын атап өтті. «Біздің міндетіміз - аналарға жұмыс тауып, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Бұл орталықта ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар тігін өндірісімен, кондитерлік қызметпен айналысады, маникюр, педикюр және шугаринг қызметтерін көрсетеді. Біз оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ инклюзивті топқа арналған спорт секцияларын ашқымыз келеді», - деді қор төрайымы. Тренинг спикерлері Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Азамат Байтасов, ҚР Кәсіби бухгалтері Зарина Коланова болды. Айта кетсек, іс-шарада барлық санитарлық норма сақталды.

-->