Елорда жаңалықтары

Елордада өткен үш күнде 20-ға жуық мекеме жауапқа тартылды

Өткен демалыс күндері мониторингтік топтар Нұр-Сұлтандағы 16 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты. 5 қыркүйекте Алматы және Байқоңыр ауданында орналасқан екі мекемеде саннорм бұзылғаны анықталды. Сенбі күні елордалық 8 мекеме бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтаған жоқ. Ал ертеңінде 6 мекемеде карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар, тексеру кезінде "Horeca" мейрамханасында 60-қа жуық адам болған, бұл карантин жағдайында рұқсат етілмейді. Себебі мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтық сақталмайды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді. Айта кету керек, COVID-19 індетінің төмендегеніне қарамастан елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша "қызыл" аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Қала тұрғындары өзінің де, өзгелердің де денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі қажет. Себебі иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып саналады.

-->