Елорда жаңалықтары

Елорда әкімі азаматтарды қабылдады

-->
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға апта сайынғы азаматтарды қабылдау, аудандарды аралау, тұрғындармен кездесулер өткізу көмектеседі. Өткен аптаның соңында ұйымдастырылған онлайн-қабылдауға 12 адам қатысты. Келіп түскен сұрақтарды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлеміз. Биылғы 8 айда әріптестеріммен, оның ішінде аудандық әкімдіктермен бірлесе 1,5 мың азамат қабылданды. Осылайша, келіп түскен проблемалар есебінен бірқатар шара қабылданды: тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын кеңейттік, тұрғын үй сертификатының мөлшерін 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, оңалту орталықтарының желісін кеңейттік, аудандардың даму жоспарын қарастырдық және т.б. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты принципі – мемлекеттік аппараттың азаматтардың мүддесін ескере отырып жұмыс атқаруында. Уақытылы көмек көрсету және кеңес беру үшін Жанұя (Бейбітшілік, 14), тұрғын үй бағытында бірыңғай қызмет көрсету орталығы (Республика даңғылы, 32), iQala, (Қошқарбаева, 29), жастарға қызмет көрсету орталығы (Гете, 1) сияқты әлеуметтік орталықтар ашылды. 2021 жылдың басынан бастап аталған орталықтарға тұрғын үйден бастап төлемдерді алуға, оқудан өтуге және өзге де мәселелер бойынша 100 мыңнан астам азамат жүгінді», - деп жазды елорда әкімі.